
Сарыағаш ауданының Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Төңкеріс елді мекенінде медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы ретте, аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда, мердігер «БибиМанапҚұрылыс» ЖСШ тарапынан медициналық нысанның ғимаратына кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба жеке инвестордың қаржысы есебінен іске асырылуда.
Сонымен қатар, аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне қарасты Келес елді мекенінде жеке кәсіпкер есебінен құрылысы жүріп жатқан білім беру ордасының құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Бүгінде екі қабатты заманауи сатндартқа сай салынып жатқан мектеп ғимаратына ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1055726?lang=kk
Жауап қалдыру