
Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Жобаны іске асыру онкологиялық пациенттерді диагностикалау мен емдеудің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Жезқазғанда ведомство басшысы «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан медициналық орталыққа барды. Орталық қызметтердің кең спектрін ұсынады: медициналық-санитариялық алғашқы, консультациялық және диагностикалық көмек, заманауи жабдықтармен жабдықталған және телемедициналық технологияларды қолданады.
«Ұлытау облысының тұрғындары емделу үшін басқа өңірлерге бармауы тиіс. Диагностикадан оңалтуға дейінгі барлық қызметтер осы жерде қолжетімді болуы тиіс», – деп атап өтті А. Әлназарова.
Келесі нысан 31 мыңнан астам пациентке қызмет көрсететін Сәтбаев қаласының емханасы болды. Мұнда отбасылық денсаулық орталықтары, педиатрия, профилактика, психоәлеуметтік және шұғыл көмек бөлімшелері жұмыс істейді.

Сапардың бірінші күнінің қорытындысы бойынша Министрдің төрағалығымен облыс активінің қатысуымен кеңес өтті. Кадрлармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті дамыту және медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жергілікті денсаулық сақтаудағы негізгі проблемалардың бірі медициналық кадрлардың тапшылығы болды. Осыған байланысты, ведомство басшысы әкімдікті мамандарды тарту ісіне қолдау көрсетуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерін нысаналы даярлауды қамтамасыз етуге шақыра отырып, кадрлық әлеуетті нығайту бойынша бірқатар нақты шұғыл міндеттер қойды.
* 2025 жылғы 1 қазанға дейін өңірдегі медициналық ЖОО түлектерін бекіту мен қолдау қамтамасыз етілсін;
* Қарағанды медицина университеті резидент түлектерді бекіту бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды күшейтсін.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасында үшжақты меморандумға қол қою маңызды оқиға болды.
Құжат денсаулық сақтауды дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеуді, саланы қаржыландыруды және жоғары технологиялық медициналық көмек технологияларын енгізуді көздейді.

Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өтті. Адамдар мамандандырылған медициналық көмек алу, шетелде емделу мүмкіндігі, Қарағанды медицина университетінде студенттерді оқытуға гранттар бөлу, сондай-ақ аутизмі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу мәселелерімен жүгінді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайтуға, ауылдық жерлерде қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге, цифрлық технологияларды енгізуге және медицина кадрларын даярлауға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-densaulyk/press/news/details/1055854?lang=kk
Жауап қалдыру