
Мәртөк ауданында егін ору науқаны жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін диқандар 12 мың гектардан астам алқаптағы дәнді дақылдарды жинап, 12 мың тоннадан астам өнім қоймаларға жеткізді. Оның ішінде күздік дақылдар, бидай мен арпа басым. Сонымен бірге көкөністен – 50 тоннаға жуық, бақшадан – 200 тоннадан астам өнім алынды.
🐑 Мал шаруашылығы үшін де қыстық азық қоры дайындалуда. Биылғы жоспар – 90 мың тонна. Бүгінгі күні ауылдық округтер жоспардың шамамен 90%-ын орындап үлгерді.
📌 Күзгі науқан жүйелі жүргізіліп, шаруалардың тынымды еңбегінің арқасында аудан қоймасына мол өнім түсуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1055931?lang=kk
Жауап қалдыру