[10:58, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: Центральный парк в городе Уштобе в рамках экологической программы «Таза Қазақстан» в ближайшие 2 года будет отремонтирован и обретет новый облик. [10:58, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: ✅ Центральный парк в городе Уштобе в рамках экологической программы «Таза Қазақстан» в ближайшие 2 года будет отремонтирован и обретет новый облик. Об этом в ходе встречи с жителями Каратальского района сообщил аким области Бейбит Исабаев. 🔷 Перед встречей с населением района глава региона ознакомился с нынешним состоянием Центрального парка в городе Уштобе. Общая площадь парка составляет 6,6 га. 💬 – В рамках экологической программы «Таза Қазақстан» проведем ремонт данного Центрального парка. Поручаю подготовить проектно-сметную документацию. В ближайшие два года мы должны придать объекту новый облик на благо населения. Нужно разбить цветники, посадить побольше деревьев и в целом озеленить территорию, при этом обязательно установить систему капельного орошения. Общий облик парка будет обновлен в соответствии с современными требованиями, при этом важно в дальнейшем поддерживать чистоту и порядок. «Таза Қазақстан» не ограничивается уборкой территорий, посадкой деревьев, главная задача, чтобы каждый гражданин глубоко осознал единство понятий «моя страна – мой город – моя улица – мой двор», изменив свой внутренний мир, наполнив его чистотой и порядком, – сказал Бейбит Исабаев на встрече с населением. ✔️Проект охватит весь комплекс работ по благоустройству парка, начиная с входной арки, ремонта качелей, обновления детских игровых площадок, заканчивая созданием ирригационной системы. 🌱 Программа «Таза Қазақстан» поможет благоустроить и новый жилой микрорайон «Кокдала» в городе Уштобе, с обустройством которого в рамках рабочей поездки в район в этот же день ознакомился аким области. Сейчас в микрорайоне построено 155 жилых домов, в том числе 125 – за последние три года. Из 50 домов, строительство которых начато в этом году, 10 готовы к вводу, а 40 продолжают строить. Планируется, что новое жилье будет передано очередникам. На территории микрорайона посажены деревья, построены детские игровые и спортивные площадки, имеется водоснабжение, в ближайшее время будут подведен газ. Сейчас ведутся работы по установке уличного освещения, прокладке тротуаров. 🌲🌳 В рамках программы «Таза Қазақстан» в микрорайоне «Кокдала» высажено 1100 деревьев. Сейчас ведутся работы по содержанию зеленых насаждений. Здесь установлена система капельного орошения. Резервуары автоматически включаются дважды утром и вечером. [10:58, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: Үштөбе қаласындағы орталық саябақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында алдағы екі жылда жөнделіп, жаңа кейіпке енеді [10:58, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: ✅ Үштөбе қаласындағы орталық саябақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында алдағы екі жылда жөнделіп, жаңа кейіпке енеді. Бұл туралы Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. 🔷 Кездесуден бұрын өңір басшысы Үштөбе қаласындағы орталық парктің қазіргі жағдайымен танысты. Саябақтың жалпы аумағы 6,6 га. 💬 – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының аясында орталық саябаққа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Осы жұмыстың жобалық-сметалық құжаттарын жасауды тапсырамын. Яғни алдағы 2 жылда нысанды жаңа кейіпке келтіріп, ел игілігіне беруіміз керек. Гүлзар егіп, ағаш отырғызып, көгалдандыру қажет. Ең бастысы оған тамшылатып суару жүйесін орнату қолға алынады. Парктің іші заман талабына сай жаңартылады, сосын оны күтіп ұстау маңызды. «Таза Қазақстан» тек айналаны тазалап, ағаш егу ғана емес, ең алдымен менің елім – менің қалам – менің көшем – менің аулам деген ұғымдардың бірлігін терең ұғынатындай әрбір азаматтың санасындағы тазалық, ішкі дүниесіндегі өзгеріс болуы керек, – деді Бейбіт Исабаев халықпен кездесудегі сөзінде. ✔️ Бұл ретте жобада кіреберіс аркадан бастап, әткеншектерді жөндеу, балалар ойын алаңдарын жаңарту, суару жүйесін жасауға дейінгі басқа да жаңғырту, абаттандыру жұмыстары түгелдей қамтылатын болады. 🌱 «Таза Қазақстан» бағдарламасы Үштөбедегі «Көкдала» жаңа шағын ауданын абаттандыруға да оң ықпал етпек. Осы күні облыс әкімі аталған шағын ауданда да болды. Мұнда қазір 155 тұрғын үй салынса, оның 125-і соңғы үш жылда тұрғызылған. Соның ішінде биыл құрылысы басталған 50 үйдің 10-ы қолданысқа беруге дайын, ал 40-ының құрылысы жалғасуда. Бұл баспаналар кезекте тұрған азаматтарға беріледі деп жоспарланып отыр. Мұнда ағаштар егіліп, балалар ойын және спорт алаңдары салынған, ауыз су жүйесі тартылған, газ жеткізу де алдағы жоспарда бар. Қазір көшелер жарықтандырылып, тротуар төселуде. 🌲🌳 «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көктемгі мерзімде «Көкдала» шағын ауданына 1100 түп ағаш отырғызылған. Қазір жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Мұнда тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Резервуарлар таңертең және кешке – екі уақыт автоматты түрде қосылып тұрады. [10:58, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: Новости-жкх [10:59, 25.08.2025] Ажар Нұрсалимовна: Соңғы 2 жылда Қаратал ауданында 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅ Соңғы 2 жылда Қаратал ауданында 20 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі, соның 9-ы – денсаулық сақтау саласында, 5-і – мәдениет, 6-ы – спорт нысаны. Тағы 6 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.

🏥 «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 6 ауылда медициналық нысандардың, яғни 5 фельдшерлік-акушерлік, 1 медициналық пункт құрылысы жоспарланған болатын, соның ішінде Дойыншы ауылындағы медпункт қолданысқа берілді. Бұл ретте Қызылжардағы фельдшерлік-акушерлік пункт осы айдың соңында ашылады. Ал Қаражиде, Қанабек, Ортатөбе және Оян ауылдарындағы осындай пункттердің құрылысы қараша айында аяқталады.

💬 – Бұдан бөлек, жақында Алмалы ауылында блокты-модульдік медициналық пункт қолданысқа берілді. Сол сияқты Жасталап ауылындағы осындай нысан және Үштөбеде жедел жәрдем қосалқы станциясына арналған блокты-модульдік кешен осы айдың соңында аяқталады, ал Жаңаталап ауылындағы дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, – деп атап өтті Б.Исабаев.

🩺🔬 Биылғы қыркүйек айында Кәлпе, Бастөбе ауылдары мен Үштөбе қаласына 3 санитарлық автокөлік және жыл соңына дейін сандық маммограф, компьютерлік томограф, рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат және т.б медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Ал дәрігер тапшылығын шешу мақсатында биыл 2 дәрігерге 20 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз көтерме жәрдемақы төленіп, 7 дәрігерге Үштөбе қаласынан тұрғын үй берілген.

🏫🏨 Ал білім беру саласында Тастөбе ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектеп пен Бастөбе сервистік-техникалық колледжі күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ Көкпекті ауылындағы Ж. Молдағалиев атындағы мектепке балаларды тасымалдау үшін жаңа автобус сатып алынды.

🎹🎺 Мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ. Өткен жылы Ескелді би және Жанаталап ауылдарында блокты-модульді мәдениет үйлері пайдалануға берілсе, биыл Көкпекті ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар Тастөбе, Алмалы және Көпбірлік ауылдарында блокты-модульді мәдениет үйлерінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

🏟️⚽🏐 Ауданның спорт саласында да оң өзгерістер бар. Өткен жылы Көпбірлік, Тастөбе және Ескелді би ауылдарында блокты-модульді спорт кешендері орнатылды. Сонымен қатар Қәлпе ауылында жеке инвестордың қаржысы есебінен үстел теннисі кешені салынып, қолданысқа берілді. Алдағы қазан айында Алмалы ауылында тағы бір жаңа блокты-модульді спорт кешені іске қосылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1056124?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді