2025 жылдын 22 тамызында Семей қаласында ҚР Конституциясының 30 жылдығы мен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Азаматтардың конституциялық, құқықтарын қорғау» тақырыбында Халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әділет министрлігі мен Абай облысыныңӘділет департаменті ұйымдастыруымен өткен шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық Сот судьялары, отандық және шетелдік жетекші құқыктанушы ғалымдар,  адвокатура мен нотариат қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Конференцияны ашқан әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияның, мемлекеткұрудағы тарихи манызын атап өтіп, оның азаматтардың, құқықтары менбостандықтарын қамтамасыз етудегі негізгі рөлін жеткізді. Сондай-ақ, министр бұл конференцияны тәжірибе алмасу мен бірлескен шешімдер әзірлеудің, маңыздыхалықаралық алаңы деп бағалады.

ЕрланСәрсембаев Абай мұрасының маңыздылығына арнайы тоқталып, оның әділдік, заңдылық жене адамғақұрмет туралы идеялары КР Конституциясының іргелі кағидаттарымен үндес екенін атап өтті.

Конференция барысында азаматтардың конституциялыққұқықтарын корғаудың тиімді тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып,адвокатура мен нотариаттын құқықты қорғауинституттары ретіндегі дамуына, сондай-ақ, заңқызметтері саласына цифрлык технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара құқықүстемдігі кағидаттарын ілгерілетуге, азаматтардың, конституциялық, құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kpi/press/news/details/1055986?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді