Абай облысында прокуратура жеке сот орындаушыларында салық заңбұзушылықтарын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Семей қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген жоспарлы тексеріс барысында 20 млн теңгеден астам салық төлемеудің фактілерін анықтады.

       Жекелеген сот орындаушылары есептілікте өндіріп алынған сомалар бойынша түсімдерді толық және дұрыс көрсетпеген. Бұл салық салынатын базаның төмендеуіне және соның салдарынан мемлекеттік бюджетке төлемдердің кем түсуіне әкелген.

      Мұндай «көлеңкелі» тәжірибе салық заңнамасын ғана емес, адал салық төлеушілерге қатысты әділдік қағидаттарын да бұзады.

      Қазіргі уақытта прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде бюджетке 8 млн теңгеден астам қаржы түсті. Бұл қаражат сот шешімдерін орындау саласында қаржылық ашықтықты қалпына келтіруге бағытталған мақсатты жұмыстың нәтижесі болып табылады.

      Прокуратура құқықтық жүйенің барлық қатысушыларының жүйелі және заңды қызметін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг пен алдын алу шараларын жалғастырады.

 

Абай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1056041?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді