
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Жастар Рухы» ЖҚ коворкинг-орталығының алаңында белсенді студенттік және мектептік жастармен құқықтық семинар-әңгіме өткізілді.
Кездесуді облыстық ПД жанындағы есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерімен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.
Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, ұлтжандылықты дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
Кездесу барысында жас қатысушылар Конституцияның ел өміріндегі рөлін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, олардың құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі құқықтарын, сондай-ақ есірткіні қолдану мен таратудың құқықтық салдарын және салауатты өмір салтын ұстануды талқылады. Жасөспірімдерді есірткі орталығына тарту себептері, сондай-ақ бұған жол бермеу туралы тақырыптық бейнероликтер қаралды. Диалог студенттерге өз пікірлерін еркін білдіруге, қызықтырған сұрақтарын қоюға және мамандардан түсініктеме алуға мүмкіндік берді.
«Конституция әрбір азаматтың өміріне, денсаулығына және жеке қауіпсіздігіне құқықты бекітеді және мемлекетті халықты қылмыстан, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымынан қорғауға міндеттейді. Біз жастармен бірге нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу жолдарын іздесек-бұл үлкен маңызға ие», – деп атап өтті есірткі полицейі.
Ұйымдастырушылар сенімді: мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын дамытуға ықпал етеді және елдің болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1056309?lang=kk
Жауап қалдыру