
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандартын түсіндіруге арналған семинар өтті.
Жиынға қаладағы білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты. Семинарда мемлекттік рәміздерге қатысты заң талаптары жіті түсіндіріліп, оларды қолдану барысында қателіктердің алдын-алу жолдары айтылды.
– Биылғы жылы мемлекеттік рәміздердің стандартын тексеру мақсатында 70 мекемеге мониторинг жүргізілді. Оның 63-і білім беру ұйымы. Тексеріс жұмыстары биыл үшінші рет өткізілді. Кемшіліктер азайып келе жатыр. Мониторингтың да басты мақсаты кемшіліктерді болдырмау, – деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1056323?lang=kk
Жауап қалдыру