
Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 Әлем чемпионатында грек-рим күресінен ел намысын қорғаған жамбылдық балуан Ашрапов Юсуф 72 кг салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.
Бұл әулиеаталық балуанның әлем чемпионаттарындағы 3-ші жүлдесі. Бұған дейін жасөспірімдер сапында қола еншілесе, жастар арасында былтыр өткен жаһандық додада екінші орынға ие болған болатын. Сонымен қатар, екі жас ерекшелігінде Азия чемпионы атанған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1055944?lang=kk
Жауап қалдыру