
14-35 жас аралығындағы мүгедектігі бар жастарға арналған «Ұшқын» жобасы аясында 3 күндік «Креатив Lab» қолөнер тренингі өтіп, 20-дан астам жасты қамтыды.
Тренингтің мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жаңа дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік жасау.
Алғашқы күні қатысушылар ұлттық нақыштағы этно-стильде суреттер салып, шопер сөмкелерді өнер туындысына айналдырды. Ал екінші күні ине-жіп ұстау техникасын үйреніп, ұлттық ою-өрнектерді қиып, бас киімдерге кестелеу жұмыстарын орындады. Тренингтің соңғы күні қатысушылар бұйымдар жасап, жаңа әрі қызықты дағдыларды меңгерді.
Шығармашылық атмосферада өткен сабақта жастар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа шабыт алды.
Соның бірі, тренинг барысында қатысушы Наркиза Рашпаева футболкаға сурет салып, қолөнерін қыркүйекте өтетін жәрмеңкеде сатпақшы.
Іс-шара облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ерекше Ана – Ерекшем 16+» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1056043?lang=kk
Жауап қалдыру