
Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 33-сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 33-сессиясын 2025 жылдың 26 тамызы күні сағат 11:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
33-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
- Махамбет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 желтоқсандағы №174 «2025 – 2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Қабдолова Ажар Серікқалиқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
- Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2025 жылдың 26 тамызы күні сағат 10:30 –да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/1056334?lang=kk
Жауап қалдыру