АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 5 (бес) өзекті мәселе қаралды:
1️⃣ Рейтинг көрсеткіштерінің 2025 жылы 7 айдағы нақты және 8-9 айлардағы болжамды
орындалуы туралы;
2️⃣ Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және кедейлікті төмендету жұмыстарының 2025 жылы 7 айдағы нақты және 8-9 айлардағы болжамды орындалу барысы туралы;
3️⃣ Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бойынша үш жақты келісім-шарттың 2025
жылы 7 айдағы нақты және 8-9 айлардағы болжамды орындалуы, инвестициялық
жобалардың жүзеге асуы туралы;
4️⃣ Аудандағы 2025-2026 жж. жылу
маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы;
5️⃣ Ауыл шаруашылығы санағының іске асырылу барысы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, әр бағыт бойынша нақты шешу жолдары қарастырылды. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына тапсырмалардың орындалу мерзімі мен сапасына қатаң бақылау орнатуды жүктеді. Аудан басшысы мәсілісте көтерілген мәселелер халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететінін атап, нақты жоспар құрып, нәтижелі жұмыс жүргізуді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1056252?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді