
№23 сайлау округінен сайланған депутат Есжанов Мейрамбек Кеңесұлы өз округіне қарасты Ақжарма, Талсуат ауылдық округтеріндегі және Талдыарал ауылындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығымен танысып, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Талдарал ауылында құрылысы басталған электр желісін тарту жұмыстарын аяқтау, балабақша салу, мектеп аумағына балалар ойын алаңдарын орналастыру т.б мәселелер көтерілді.
Депутат М.Есжанов көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірмелер беріп, құзырлы мекемелер арқылы шешілетін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жасалынатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1056533?lang=kk
Жауап қалдыру