
Аманкелді ауылы тұрғындарының назарына. 2025 жылдың 28-29 тамыз күндері елді мекенде кенеге қарсы профилактикалық улау шаралары, (дизенфекциялау) жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Осыған орай күзгі кенеге қарсы улау жұмыстары басталғанға дейін мал қораларыңызды және аулаларыңызды (қидан, күл-қоқыстан) механикалық тазалау жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар қи-қоқыстарды арнайы белгіленген орынға тастау қажет екендігін ескертеміз. Жоғарыдағы мәселені ескере отырып санитарлық тазалыққа мән берулеріңізді сұраймыз.
Ескерту: Тазалық жұмыстары жасалмаған қораларға улау жұмыстары жүргізілмейді.
Аманкелді ауылдық округі әкімі аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1056456?lang=kk
Жауап қалдыру