ИСПАНИЯЛЫҚ «АТЛЕТИКО МАДРИДКЕ» ШАҚЫРТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауданымыздың жас футболшысы Темірлан елді мекенінің тумасы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы Нұрмаханұлы Нұрқанат Алматы облысы, Талғар ауданында өткен іріктеуге қатысып, Испаниядан арнайы келген бапкерлердің көзіне түсіп, «Атлетико Мадрид» академиясына ресми шақырту алды.
Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас футболшылар қатысты. Олардың арасынан дара шыққан Нұрқанат техникалық дайындығымен, жылдам шешім қабылдауымен және алаңдағы ойынымен испаниялық жаттықтырушыларды тәнті етті. Соның нәтижесінде ол халықаралық деңгейде жаттығуға мүмкіндік алды.
Футболға деген қызығушылығы ерте басталған Нұрқанат алғаш ауданымыздағы «Жас-қанат» футбол командасында жаттығу жасады. Жаттықтырушылары Тұрсын Райымбек , Серіков Бексұлтан, Тұрсын Шыңғыстың жетекшілігімен шыңдалып, кәсіби футболға жол тапты.
«Атлетико Мадрид» академиясы – Еуропадағы ең беделді футбол орталықтарының бірі. Мұнда болашақ жұлдыздар тәрбиеленіп, деңгейдегі кәсіби дайындықтан өтеді.
Ордабасы баласының дәл осы академияға шақырту алуы – ел футболының дамуындағы зор жетістік.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1056399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді