
Бүгін «HALYK RADIOSҮ» облыстық радиосының 100.5 fm толқынында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев «Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация қалай жасалады» тақырыбына сөз сөйледі.
Эфирде спикер АПВ-ға қарсы егу тіркелген жердегі емханаларда немесе мектептегі егу кабинеттерінде тегін жүргізілетінін айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы жоспарлы вакцинация, ал 12-13 жастағы қыздарға қайталама иммундау жүргізіледі.
Вакцинация курсы 6 айлық аралықпен вакцинаның 2 дозасынан тұрады.
АПВ-ға қарсы вакцинасы иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне 0,5 мл стандартты көлемде бұлшықет ішіне енгізіледі.
Вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімімен, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің тексеруінен кейін жүргізіледі.
Вакцинациядан кейін егілген адамдарға вакцинациядан кейін жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін медициналық қызметкердің бақылауымен 30 минут бойы медициналық ұйымдарда немесе білім беру ұйымдарында болу ұсынылады. Кейіннен медициналық қызметкер үйде бақылауды – алғашқы үш күнде (инъекция орнын тексеру, жалпы жағдайды сұрау, дене температурасын өлшеу) қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1056293?lang=kk
Жауап қалдыру