КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласының әкімдігі мен мәслихаты Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Есберген Іңірбайұлының дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен жақын-жуықтарына көңіл айтады.

Есберген Іңірбайұлы саналы ғұмырын еліміздің дамуына, әсіресе рухани-мәдени салаға арнаған арда азамат еді. Оның қаламынан туған 500-ден аса мақала — Маңғыстау өңірінің шежіресіне, ұрпақ санасына сіңер мол мұра.

Ол алғашқы еңбек жолын «Жұмысшы» газетінен бастап, кейіннен «Ақкетік арайы» газетінің редакторы, Маңғыстау облыстық архивінің бас маманы, «Nur Otan» партиясы идеология бөлімінің меңгерушісі сынды жауапты қызметтерді атқарып, ел сенімін ақтады.

Өнегелі өмірімен, ұлтжандылығымен, адал еңбегімен ел есінде сақталған Есберген Іңірбайұлының жарқын бейнесі мәңгі жадымызда.

Ақтау қаласының әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1056230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді