
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жұмыс сапарымен Махамбет ауданында болып, Ақтоғай ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысымен танысты.
Нысанда жаңа ғимарат салынып, заманауи тазарту құрылғылары мен сорғылар, бейнебақылау камералары мен жарық жүйесі орнатылған. Қондырғының қуаты – сағатына 24 текше метр, қазан – 300 м³.
Осы тектес жұмыстар 2024–2025 жылдары Жалғансай, Талдыкөл, Таңдай, Ескі Сарайшық, Сарайшық, Ақжайық, Алға, Бейбарыс, Есбол, Сарытоғай және Ортақшыл ауылдарында да жүргізілді. Барлығында да ғимараттар мен жабдықтар жаңартылып, сорғы станциялары ауыстырылды. Бұған қоса, қазандықтар, жылыту, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды.
Су тазарту қондырғыларын жаңарту аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде Махамбет ауданында 15 су тазарту қондырғысы жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1056573?lang=kk
Жауап қалдыру