
23 тамыз – Өр Алтай баурайындағы, шырайлы шығыстың төрінде орналасқан Марқакөл ауданының құрылғанына 1 жыл толған мерейлі күн!
Осы атаулы датаға орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен “MARQA FEST” мәдени-туристік аймақтық фестивалі өтті. Бұл шара ауданымыздың жаңа тарихындағы ең жарқын оқиғалардың біріне айналды.
Фестивальдің басты сахнасы – Марқакөл ауылының мәдениет үйі алаңы. Мұнда жиналған тұрғындар мен қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен, ән мен сәнге бөленді.
Гала-концерттің қонақтары:
• Аман Ахмет
• Нұрбақыт Қарағай
• Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қарақия ауданының Құрметті азаматы Ұлықпан Жолдасов
• ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Гүлдана Ноғайбаева
• Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер, Күршім ауданының Құрметті азаматы, марқакөлдік мақтанышымыз Алмат Сақатов
• Шығыс Қазақстанның өнерпаздары
Концерт барысында халық сүйікті әншілерін ыстық ықыласпен қарсы алып, бірге ән шырқап, шынайы мерекелік атмосфераға бөленді.
Бұл күн – тек ауданның ғана емес, бүкіл өңірдің мәдени өміріндегі ерекше сәт болды.
Марқакөл – жас болса да, рухы биік аудан!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1055921?lang=kk
Жауап қалдыру