
2025 жылғы 20 тамызда Ертіс ауданында мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.Б.Ақылбекова, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Р.К.Ақанова және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.М.Сульбаев қатысты.
Павлодар облысының әкімі А.К.Байхановтың 2025 жылғы 10 шілдеде бекіткен 2026 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау аясында кеңесте ДДСҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын енгізу мәселелері қаралды.
Жобаның мақсаты — балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға қолайлы жағдай жасау, созылмалы аурулардың алдын алу, дене белсенділігін арттыру және ауданның білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын жақсарту.
Бастаманы жүзеге асыру оқушыларда салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді және өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға ықпал етеді. Аудан әкімінің орынбасары Р.К.Ақанова жобаны одан әрі ілгерілетуге мүдделілік білдіріп, оның ауданның білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1056305?lang=kk
Жауап қалдыру