
1. мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
2. банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
3. квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (Акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% – дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;
4. жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
5. дара кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістер (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған адамдар;
6. егер олардың сомасы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын болса, шетелдік банк шоттарында ақшалай қаражаты бар адамдар;
7. шетелде активтері бар адамдар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ТҚҚ, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлесі, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі);
8. меншігінде цифрлық активтері бар адамдар;
9. есепті салық кезеңі ішінде жиынтық құны АЕК-тің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті, оның ішінде ҚР шегінен тыс жерлерде (мысалы: 2025 жылы АЕК = 3932 тг., 20 000х3932= 78 640 мың тг.) сатып алған адамдар табыс етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1056353?lang=kk
Жауап қалдыру