Облыс әкімі комитет төрағасымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановпен кездесті. Кездесуде өңірдегі жер ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, цифрландыру және жер кадастрын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыстың жер көлемі 24,1 млн гектар, оның 2,9 млн гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Мемлекет басшысының пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылға жоспарланған 60 мың гектардың 43 мың гектары қайтарылды. 2022–2024 жылдар аралығында 460,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, оның 93,6 мың гектары қайта айналымға енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1056039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді