Облыстық Алқа отырысын өткізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 тамызда Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің облыстық Алқасының отырысы Департамент басшысының, Департамент басшысының орынбасарларының, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларының, облыстық Департамент бөлімдерінің басшыларының және аумақтық Басқармалар мамандарының қатысуымен өтті. Алқа жұмысына Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары м. а. қатысты.

Алқа отырысының басында Департамент басшысы Е.А. Даулетбаев  Рудный СЭББ басшысы У. Ж. Сасықовқа -«Еңбек ардагері» медалін, Лисаков СЭББ басшысы М. Х. Тілеубаевқа — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалін, Департамент бөлімінің басшысы Н.Б. Ахметоваға— «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалін тапсырды. Денсаулық сақтау министрі А. Әлназарованың алғыс хаты Департаменттің бас маманы Г. К. Қожахметоваға табысталды.

Сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер, Комитет төрағасы С.С.Бейсенованың грамоталарымен Жітіқара СЭББ басшысы А. Х. Аңсағаев, Қарабалық СЭББ басшысы С. С. Қаратаев, Қарасу СЭББ жетекші маманы О.М.Радченко және Лисаков СЭББ бас маманы Л. П. Гурина марапатталды.

Алқа өткізу барысында Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 2025 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін тақырыптар бойынша оқыту семинары өткізілді:

1). 05.10.2022 ж. №111 «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын зерделеу;

2).  Туберкулезді эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.

 

Н.Ахметова – департаменттің бас маманы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1056389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді