Павлодар облысы ТЖД оқу сыныбында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұндай сабақтар дайындық деңгейін арттыруға және білім беру ортасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының оқу сыныбында тұрғындармен, кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдерімен тұрақты сабақтар өткізіледі.

Кезекті оқыту 20-21 тамызда “Бастапқы әскери дайындық” және “дене шынықтыру” пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары үшін өткізілді.

Курс теориялық және практикалық сабақтарды, сондай-ақ қорытынды тестілеуді қамтыды. Оның нәтижелері бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Тыңдаушылар әдістемелік көмек алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1056386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді