Полиция қылмыстық заңнамадағы жаңалықтар туралы хабарлайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің анықтау басқармасы тұрғындарды Қылмыстық кодекске енгізілген бірқатар өзгерістермен таныстыруда. Заңға жаңа қылмыс құрамдары енгізілді: сталкинг, некеге мәжбүрлеу және дропперлік.

Сталкинг – бұл заңсыз қудалау, ол адамның физикалық немесе психологиялық денсаулығына зиян келтіруі, мүліктік шығынға ұшыратуы мүмкін (мысалы, қудаланушының үйіне заңсыз кіру мақсатында құлыптарды бұзу).

Некеге мәжбүрлеу қыз алып қашу фактілерінің алдын алу үшін енгізілді. Бұған дейін, егер кінәлі адам жәбірленушіні өз еркімен босатса, оның әрекеті «адам ұрлау» немесе «бостандықтан заңсыз айыру» баптары бойынша сараланбаған.

Заңнамадағы ең өзекті жаңалықтардың бірі – дропперлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Дропперлер – алаяқтық операцияларды жүзеге асыру үшін өз атына ресімделген төлем құралдарын басқа адамдарға пайдалануға беретіндер.

Бұл – қазіргі қаржылық алаяқтықтың негізгі тетіктерінің бірі. Енді белгілі бір сыйақы үшін өз шотына жәбірленушілердің ақшасын қабылдап, оны әрі қарай аударған немесе өз атына банктік карталар рәсімдеп, оларды алаяқтарға берген адамдар да қылмыстық жауапқа тартылады.

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1056517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді