
Әлем чемпионатына жолдама алды
Шілде айының 26-27 күндері Тараз қаласында өткен Әлем чемпионатына іріктеу чемпионатында қаратөбелік Гүлжайна Сұлтанова грэпплингтен жүлделі ІІ орынды иеленіп, Әлем чемпионатына жолдама алды.
Әлем чемпионатына жолдама алған Гүлжайна Нұржанқызын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы мен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Шүрмен Орал қаласынан қарсы алды.
“Қаратөбе арланы” грэпплинг клубының жас спортшысы Гүлжайна Сұлтанова бұдан бұрын ағымдағы жылдың сәуір айының 3-6-сы күндері аралығында Грэпплинг UWW -ден жасөспірімдер мен юниорлар арасында Астана қаласында өткен республикалық кубогінде 64 келі салмақ дәрежесі бойынша жарыстың “Грэпплинг ги” түрінен жүлделі екінші және 60 келі салмақ дәрежесінде грэпплингтен үшінші орынды иеленген болатын.
Болашағынан зор үміт күттіретін, Әлем чемпионатына жолдама алған жас спортшы Гүлжайна Нұржанқызы Мұхит атындағы ОЖББМ –нің 11 сынып оқушысы.
– Грэпплинг үйірмесі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлының қолдауымен ауданда өткен жылы қоғамдық негізде ашылған болатын.
Биыл ақпан айында “Қаратөбе арланы” грэпплинг клубы ресми түрде ашылды.
Атаулы чемпионатқа Батыс Қазақстан облысынан 4 оқушы қатысты. Оның ішінен Гүлжайна ғана жетістікке жетіп, Әлем чемпионатына қатысатын спортшылар қатарына Қазақстан құрамасына енді.
Жасыратыны жоқ жазғы демалыс кезі болғасын Гүлжайнаның жаттығуы аздау болды. Бірақ жарыста Гүлжайна өзінің шеберлігін көрсете білді. Чемпионатта финалға дейін алматылық спортшыны ұтқан Гүлжайна финалда ақтөбелік спортшымен күш сынасты. Енді әлем чемпионатына дайындық жаттығуларына кірісеміз» – дейді Гүлжайнаның жаттықтырушысы Мағжан Серікұлы.
Алдағы Әлемдік додаға қатысатын жас спортшымыз Гүлжайна Нұржанқызының Әлем чемпионы атануына тілекшіміз. Сәттілік болсын. Қаратөбе спортының абыройын асқақтата берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1055959?lang=kk
Жауап қалдыру