2025 жылдың 29 тамызда сағат 10.00-да Полиция департаменті ғимаратының кіші залында атестаттау комиссиясының отырысы болады. Атестаттауға 37 қызметкер жатады. Атестаттау комиссиясы жұмысының шынайылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін 3 қадағалаушыдан артық қатыспайды (Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері). Атестаттау комиссиясының жұмысына қадағалаушы тұлға ретінде бұрын құқық қорғау органдары басшыларының бағынысында, сәйкес атестаттау комиссиясы құрылған құқық қорғау органын немесе құқық қорғау органы мемлекеттік мекемесін қалыптастыруды ұйымдастыруда болған тұлғалар тартылмайды.
Қадағалаушы ретінде атестаттау комиссиясының отырысына қатысу үшін бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішпен, жеке куәлігінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестікке жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосумен жүгіну қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1056562?lang=kk
Жауап қалдыру