
Павлодар қаласына еліміздің әр өңірінен мәслихат төрағалары келді. Кездесудің басты мақсаты – өз ара тәжірибе алмасу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.
⠀Бағдарламаның бірінші бөлімі «Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудағы мәслихаттардың рөлі» тақырыбындағы семинар-кеңестен басталды.
Қатысушылар өкілді органдар жұмысындағы жаңа тәсілдерді, ашықтық пен азаматтардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын арттыруды талқылады.
⠀Қала әкімдігінде қонақтарды Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қарсы алды.
Әңгімелесу барысында қалалық мәслихат төрағасы Қобланбек Кожин әріптестеріне депутаттық корпустың жұмысын жаңғырту жөнінде ақпарат берді. Оның айтуынша, процестерді цифрландыруға, халықпен өзара белсенді іс-қимылға және отырыстардың ашық форматына баса назар аударылып келеді.
⠀Сондай-ақ, WhatsApp қосымшасындағы тест режимінде жұмыс істейтін цифрлық көмекші туралы сөз болды, аталмыш бағдарламаны енгізу жұмыстары жүргізілуде. WhatsApp боты – бұл мессенджерде пайдаланушымен байланысатын және сұрақтарға жауап беретін жедел көмекші.
⠀Кездесуге қатысушылар жергілікті жерлердегі депутаттар жұмысының жаңа әрекеттері туралы пікір алмасты, мәслихаттар қабылдайтын шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
⠀Бағдарлама облыстық мәслихатта жалғасты, онда қонақтар өңір депутаттарымен кездесіп, ахуалдық орталыққа барды. Бағдарламаның қорытындысында олар Ертіс өзенінің жағалауына барды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1055941?lang=kk
Жауап қалдыру