Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Келешек мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған №144 жалпы орта білім беретін мектепке барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Министр жаңа үлгіде бой көтерген заманауи мектептің ішкі инфрақұрылымымен, оқу кабинеттерімен және білім беру процесінің ұйымдастырылу барысымен танысты. Мекеме ұжымымен тілдесіп, білім ордасының жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты.
Айта кетейік, №144 мектеп 2025 жылы пайдалануға берілген. Жобалық қуаттылығы – 1200 орын болса да, бүгінде мұнда 2030 оқушы білім алуда.
Бұл — халық тығыз орналасқан шағынаудандарда сапалы білім беру кеңістігіне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, министр қала бойынша «Келешек мектептері» жобасының белсенді жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік Шымкент қаласында осы жоба аясында 11 мектеп ашылған, ал жаңа оқу жылы қарсаңында тағы бір мектеп пайдалануға берілмек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1055988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді