
2025 жылғы 29 тамызда Алтай қаласында жылу желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріледі.
Ыстық сумен жабдықтау жүйесін қауіпсіз іске қосуды қамтамасыз ету үшін Сіздерден тұрғын үйлерді ыстық суды қабылдауға әзірлеу шараларын өткізуді сұраймыз:
шүмектердің, араластырғыштардың, иілгіш түтіктердің және басқа сантехникалық элементтердің тығыздығын тексеріңіздер;
су толық берілгенше ыстық су шүмектерін жабыңыздар;
көтергіштерде және құбыр қосылымдарында ағып кетудің жоқтығына көз жеткізіңіздер;
суды беру кезінде ашық су ағызу құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар;
қазандық/су жылытқышы болса, жабдықтың істен шығуын болдырмау үшін су беру режимін ауыстырыңыздар.
Естеріңізде болсын, уақтылы дайындық төтенше жағдайларды болдырмаудың алдын алады және ыстық сумен жабдықтауды қауіпсіз қалпына келтіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1056164?lang=kk
Жауап қалдыру