
Құрық ауылындағы көппәтерлі үйлердің жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылында орналасқан ескі көппәтерлі тұрғын үйлерді ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, бірқатар сын-ескертпе айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа арнайы қауіпсіздік белгілері қойылды. Сондай-ақ тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда, ескі шатырлары алынып, төбесі ашық тұрған тұрғын үйлерге тиісті шаралар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1056321?lang=kk
Жауап қалдыру