
Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары 2025 жылы 25 тамызда Астана қаласы әкімдігінің “№ 62 мектеп-лицей ” ШЖҚ МКК ғимартында жалпы білім беру ұйымдары өкілдері және мектептерге тамақтандыруды жеткізуші кәсіпкерлердің және медицина қызметкерлерінің қатысуымен “білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын енгізу” тақырыбында семинар өткізді. “Білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын” енгізу бойынша проблемалық мәселелер белсенді талқыланды, барлық қойылған сұрақтарға Қазақстан Республикасы халқының санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес түсіндірмелермен жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1056527?lang=kk
Жауап қалдыру