«Тіл тұғыры-ел тұғыры»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 тамызда Глубокое ауданының тілдерді оқыту орталығымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп Қазақстан халқының тілдері күніне орай  «Тіл тұғыры –ел тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шараға тіл жанашырлары, аудандық достық үйінің директоры, әдіскері, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, аналар кеңесінің, әжелер алқасының төрайымдары қатысты. Шараның ашылуында ұйымдастырушылар тіліміздің байлығы мен сұлулығына, оның ұлттың рухани құндылықтарымен байланысына ерекше назар аударды.  Дөңгелек үстел барысында достық үйінің медиаторы П.Михайловна, әжелер алқасының төрайымы- Н.Акышева, аналар кеңесінің төрайымы- Р.Адильбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы- А.Кинаятов тұшымды ойларын ортаға салды. Қатысушылар тілдің қоғамдағы орны мен рөлін талқылады. Тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлік пен мәдениеттің негізі екендігін ерекше атап өтті. Шара соңында тіл жанашырлары мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.  Тіл мерекесіне арналған бұл шара –тек тіл мәселесі ғана емес, ол халықтың мәдениеті мен дәстүрін сақтау, ұлттық сананы қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1056207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді