
2025 жылғы 21 тамызда Шу ауданы, Төле би ауылында Тараз қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссияларының қызметін талдау мен бағалау мақсатында ведомствоаралық жұмысшы тобының кезекті отырысы өтті.
Жиынға облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы (әрі қарай – Басқарма) басшысының орынбасары Әмірханов Ержан Әлімханұлы, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдары өкілдері мен аудан әкімдігінің бөлім басшылары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2025 жылдың көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанының қорытындылары және күзгі шақыруды ұйымдастыруға дайындық барысы болды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы әскерге шақырылушыларға алдын ала зерделеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, бұл зерттеулерді талапқа сай әрі сапалы жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, күн тәртібінде Жамбыл облысы әкімінің 2025 жылғы 21 ақпандағы №19-ө өкімімен бекітілген Жол картасындағы пункттердің орындалу барысы қаралды. Басқарма басшысының орынбасары Жол картаға сәйкес әскерге шақыру пунктінің қазіргі жағдайымен танысып, медициналық комиссия мүшелерінің кабинеттеріне жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы жауапты қызметкерлерге тапсырма жүктеді.
Жұмысшы топ отырысын қорытындылай келе Басқарма басшысының орынбасары жиын барысында айтылған барлық ескертпелердің күзгі әскерге шақыру науқанының барысына тікелей әсер ететінін және барлық жауапты мекемелердің өзара бірлесе жұмыс жасауының нәтижесінде іске асыралытынын айтып кетті. Сонымен қатар, бұл мәселенің аудан әкімінің жеке бақылауында болуы қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1056509?lang=kk
Жауап қалдыру