ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ: МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Жаңа оқу жылының басталуы басталуға жақын. Сапалы жөндеу жұмыстары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тұрақты қадағалауында. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы ауданына іссапармен барып, қайта жаңғыртудан өткен мектептердің жай-күйімен танысты.
☑️Алдымен Темірлан ауылында орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясында болды. 1986 жылы салынған, жобалық қуаттылығы 780 орындық білім ордасына маусым айынан бастап ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым – «Ecosintez» ЖШС.
☑️Облыс басшылығы мұнан соң Шұбарсу ауылындағы Атамекен жалпы орта мектебін аралады. Ғимараты 2010 жылы пайдалануға берілген. 600 орынға арналған бұл мектепте бүгінде 962 оқушы бар. Жөндеу жұмыстары «Gold-ART» ЖШС-мен келісім негізінде жүргізілді. Қазір білім ұясы жаңа оқу жылына дайын. Нысанды тазалау және жиһаздарды орналастыру атқарылуда.
☑️Іс-сапар аясында Темірлан ауылында орналасқан Өнер мектебінің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары да пысықталды. Бұған дейін мектеп 1974 жылы салынған, әбден ескірген ғимаратта жұмыс істеп келген. Сыйымдылығы небәрі 200 орынға арналған білім ордасында бүгінде 409 бала оқып жүр. Бүгінде мұнда 12 түрлі өнер пәні оқытылады, кәсіби біліктілігі жоғары 42 педагог қызмет атқарады. Қазіргі таңда жаңа ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мектеп 300 орынға арналған және заманауи музыка, хореография залдарымен, сондай-ақ Еуропадан жеткізілетін жаңа техникалық жабдықтармен қамтылатын болады. Сапар барысында мердігер мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
📌— Ең басты міндетіміз – балалардың қауіпсіз, таза әрі жайлы ортада білім алуына жағдай жасау. Әрбір ұсақ-түйекке дейін мән беріліп, қабылдау алдында барлық кемшіліктер жойылсын. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
☑️Түркістан облысында жалпы 115 мектеп реновация жобасына енгізілген. Оның 41-і 2025 жылы жаңғыртылса, қалғаны алдағы екі жылда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, 110 білім нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, соның 59-ы толықтай жөнделуде.
☑️Іссапар аясында облыс әкімінің орынбасары Қараспан ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның ахуалын көрді. Мердігерлердің айтуынша, құрылыстың 88%-ы біткен. Күз мезгілінде ел игілігіне пайдалунға тапсырылады. Ал жалпы Түркістан өңірі көлемінде 32 ФАП бой көтерген. Жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1056271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді