Жетісудағы шомылу маусымының қорытындылары: 36 адам құтқарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы шомылу маусымының алдын ала қорытындыларын жариялады.

Жазғы кезеңде облыс су айдындарында шомылуға арналмаған орындарда 4 адам суға батып қаза болды (2024 жылы — 5 жағдай). Қайтыс болғандардың ішінде — 2 бала бар.

Сонымен қатар, құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында 36 азаматтың, оның ішінде 13 баланың өмірі сақталып қалды.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 51 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 746 мың теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25 %-ға жоғары. Бұдан бөлек, көліктік бақылау инспекциясымен шағын көлемді кемелерді пайдалану ережелерін бұзудың 208 дерегі анықталып, 1,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында:

  • 2 500-ден астам патрульдеу мен рейд жүргізілді;
  • 9 500-ден астам қауіпсіздік ережелері бойынша жадынама таратылды;
  • 300-ден астам жарияланым мен телеэфир ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, құтқарушылар балалар лагерлері мен демалыс аймақтары орналасқан 23 су айдынының түбі тексеріліп, тазартылды.

Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қаулысымен 5 ресми шомылу орны бекітіліп, 76 тыйым салынған учаске анықталды.

Жетісу облысының ТЖ департаменті ескертеді: судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері — шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу, алкогольдік ішімдік ішу және балаларға ересектер тарапынан бақылаудың болмауы.

Азаматтарды жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға және демалыс үшін тек ресми рұқсат етілген жағажайларды таңдауға шақырамыз.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1056194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді