2025 жылғы 22 тамызда Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 2025 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларын шығару және 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған міндеттерді айқындау бойынша алқа мәжілісі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың І жартыжылдығындағы негізгі қызметтердің нәтижелері:

  1. Бақылау-инспекциялық қызметі бойынша:

Мемлекеттік экологиялық инспекциямен 511 тексеру жүргізіліп, 1551 құқық бұзушылық анықталды, 844 нұсқама берілді. Тексеру барысында 1414 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 17,1 млрд теңге айыппұл салынды.

Экологиялық бақылауды күшейту мақсатында облыстық экология департаменттерінің зертханаларын заманауи жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда департамент зертханаларына 356 дана зертханалық аспап пен жабдықтар, сонымен қатар 3 жылжымалы зертхана сатып алынды.  Алдағы уақытта 3 облыста (Ұлытау, Абай және Алматы облыстары) жаңа зертханалар құру жоспарлануда.

  1. Қоршаған ортаға шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйесін (АБЖ) орнату жұмыстары жүргізілуде:

Ірі кәсіпорындардың өндірістік көздерінде қоршаған ортаға эмиссияларды бақылауға арналған автоматтандырылған жүйелер орнатылуда. Бүгінгі таңда 91 компанияның 77-сі бұл жүйені орнатты (67-сі НБД СОС және ПР-ға қосылған, 6-ы қосылуда).

Облыс әкімдіктері тарапынан 14 коммуналдық және энергетикалық кәсіпорындаға АБЖ орнату бойынша жол карталары әзірленді.

  1. Экологиялық реттеу:

Экологиялық реттеу бөлімшелері тарапынан 4670 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту мақсатында өндірістік кәсіпорындарда үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізу жұмыстары жүргізілуде. Экологиялық кодекске сәйкес, 2025 жылдан бастап ҮҚТ-ға көшу жұмыстары кезеңімен жүргізілуде.

2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бес кәсіпорынға ҮҚТ енгізуді ескере отырып кешенді экологиялық рұқсаттар берілді. Бұл кәсіпорындардың жаңа экологиялық реформаға көшуге дайын екенін көрсетеді.

  1. Инвестициялық тартымдылықты арттыру және экологиялық саясатты жетілдіру:

Мемлекеттік қызмет көрсету және заңнамалық деңгейде тиісті  шаралар қабылдануда. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды: жалпы мерзім – 45 күн (ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 19 наурыздағы №155 қаулысы):

  • ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) саласын анықтау және/немесе жоспарланып отырған қызметтің скринингі бойынша қорытынды беру мерзімі 22 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
  • ҚОӘБ нәтижелері бойынша қорытынды беру мерзімі 30 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңіне арналған экологиялық рұқсатты (пайдалануға бөлек рұқсаттан) беру мерзімі 45 күннен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою:

Экологиялық проблемалардың бірі – рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындардың болуы. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны екі есеге жуық азайғанына қарамастан, мәселе әлі де өзекті. Биыл 2707 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 24% (672) жойылды.

2025 жылы қалдықтарды жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру талаптарын бұзғаны үшін 87 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы – 12,4 млн теңгені қрайды. Оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасары деңгейінде 10-нан астам лауазымды тұлға бар.

2025 жылдан бастап 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабына өзгерістер күшіне енді. Бұл түзетулер бейберекет қоқыс тастау үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Айыппұл мөлшері 100-ден 200 АЕК-ке дейін ұлғайтылып, сондай-ақ көлік құралын тәркілеу шарасы енгізілді.

  1. «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру:

2025 жылдың І жартыжылдығында әкімдіктермен бірлесіп аумақтарды тазалау және көгалдандыру бойынша экологиялық акциялар өткізілді. Оған  республикамыздан 4,2 млн-нан астам адам, оның ішінде 357 мың еріктілер қатысты.

Акция аясында 506 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 859,6 мың гектардан астам аумақ тазартылды, шамамен 2,4 миллион ағаш көшеттері отырғызылды.

Жыл басынан бері @TazaQazBot ақпараттық бағдарламасына 16666 өтінім келіп түсті, оның 15275-і орындалды.

Комитеттің кезекті отырысында бақылау-инспекциялық қызметтің тиімділігін арттыру, талап қою және сотқа шағымдану жұмыстарын күшейту, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Отырыс соңында Комитет төрағасы Ерболат Қожықов елдің экологиялық саясатын тиімді іске асыру үшін барлық департаменттердің жүйелі және үйлестірілген жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1057031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді