2025 жылы 26 тамызда Астанада мерзімді әскери қызмет өткен жас азаматтарға тегін оқу сертификаттары табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Астана қаласының әкімдігінде ҰҚК Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген жас азаматтарды тегін оқытуға сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Сертификаттарды Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекара учаскесінде мерзімді қызмет өткерген Қанат Рыспек пен Бижан Чензах алды. Қызмет барысында олар тәртіп пен жауынгерлік дайындық бойынша өздерін жақсы жағынан көрсетті. Болашақта жастар Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқитын болады.

Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыруға, сондай-ақ қазақстандық жастар арасында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталған осы бастама аясында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің басшылары салтанатты түрде сертификаттар табыстайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1057122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді