Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қалалық психикалық денсаулық орталығына мониторинг жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Баян Жалмағанбетова Қалалық психикалық денсаулық орталығына жоспарлы мониторингтік сапар жасады.

Мониторингтің мақсаты – пациенттердің ұсталуының шарттарын, олардың құқықтарының сақталуын және медициналық көмектің сапасын бағалау болды. Тексеру барысында қызмет алушылармен жеке әңгімелесу жүргізіліп, санитарлық-тұрмыстық жағдайлар, бос уақытты ұйымдастыру, ақпаратқа қолжетімділік және персонал мен пациенттер арасындағы өзара әрекет мәселелері зерделенді. Ерекше назар медициналық көмектің еріктілік қағидасына сәйкес көрсетілуі, адам қадір-қасиетіне құрметпен қарау және кемсітушілікке жол бермеу сияқты пациенттердің құқықтарының сақталуына аударылды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерімен этика, жұмыс жүктемесі және кадрмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

  Мониторинг қорытындысы бойынша мекемеге пациенттердің жағдайын жақсарту, құқықтық қорғау тәжірибесінің стандарттарын арттыру және психикалық денсаулық мекемелерінде адам құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған ұсынымдар жолданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-astana/press/news/details/1056699?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді