«АМАНАТ» партиясы филиалы төрағасының Ақкөл ауданына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12 тамызда «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Б. Баспалинов жұмыс сапарымен Ақкөл ауданына келді.
Сапар барысында ол әріптестері мен депутаттармен бірге Жалғызқарағай ауылының мектебінде болып, ағымдағы жөндеу және су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Сондай-ақ жақын арада пайдалануға берілетін Новорыбинка ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда тексеру жүргізілді. Сапар қорытындысы бойынша нысан жұмысын жақсарту үшін бірқатар ескертулер берілді.
Бұдан бөлек, Еңбек ауылының тұрғыны Ж. Нұрғалиеваның үйінде болды. Ол «Ауыл Аманаты» жеңілдетілген несиесін алып, табиғи жүннен көрпе өндіру ісін жолға қойған. Бұл ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл тұрғындарын қолдауға ықпал етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/1056644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді