Ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ және аумақтуқ бөлімшелердің қызметтерінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының 5 тармағын жүзеге асыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілімен 2025 жылы тамыз айының 29 күні сағат 11:00 – 12:00 – де «Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау» тақырыбы бойынша Ашық есік күні өткізілуі жоспарлануда.

Азаматтардың және заңды тұлғалардың назарына, өтініштер беріп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызметті жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жолдап іс шараға қатысу үшін хабарланады. Іс шара Қостанай облысы, Қостанай қ., Аль-Фараби даңғ., 113 үй, 2 қабат, 207 кабинет мекен жайында өткізіледі.

Байланыс телефон нөмірі 8 (7142) 542-695. 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1056651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді