
Елде қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы Келес ауданында да өз жалғасын табуда. Бағдарлама аясында жастар мен еріктілер тек қана көшені тазалап қоймай, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға да қолғабыс көрсетіп келеді.
Жуырда Қошқарата ауылдық округінде осындай ізгі іс жүзеге асты. Жастар белсенділері жалғызбасты қария Пернебек Асылбековтің үй ауласын қоқыстан тазартып, бау-бақшасын ретке келтірді. Бір күнге жалғасқан бұл шарада жастар қарияның еңсесін көтеріп, ауланы әдемі күйге келтіріп берді.
Пернебек ата жас буынның қамқорлығына риза болып, ақ батасын берді. «Жастардың ұйымшылдығы мен елге деген ықыласы – болашақтың кепілі» деген сөздері көпшілікке ой салды.
Қарияның алғысы мен ақ тілегі жастарға жігер сыйлап, олардың елге қызмет етуге деген сенімін арттыра түсті. Ал жастар өз кезегінде «үлкеннің батасы – жол ашатын күш» екенін айтып, атамызға ұзақ ғұмыр, денсаулық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1056816?lang=kk
Жауап қалдыру