
Бүгін Петропавл қаласында Қоғамдық кеңестердің мүшелеріне арналған «Тиімді коммуникациялар: тәжірибе және құқықтық кеңестер» тақырыбында оқыту тренингі өтті.
Іс-шараны «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қоры Конрад Аденауэр атындағы Қордың қолдауымен ұйымдастырды.
Тренинг барысында қатысушылар тиімді коммуникация орнату бойынша тәжірибелік кеңестер алып, қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздерімен танысты.
Бұл шараға Мамлют ауданының Қоғамдық кеңесі белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mamlyut/press/news/details/1057039?lang=kk
Жауап қалдыру