
Облыстық мәслихат депутаттарының,
барлық мүдделі тұлғалардың назарына
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясы 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.
Күн тәртібі:
- Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы облыс әкімі А.Б.Шахаровтың есебі туралы.
Баяндамашы: А.Б.Шахаров – облыс әкімі
- Облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы №186 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
- Өзге сұрақтар.
Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2025 жылғы 27 тамызда сағат 10.00-де мына электронды сілтеме бойынша Facebook тікелей трансляцияда көрсетіледі.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г.Сүйінтаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1057227?lang=kk
Жауап қалдыру