ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазіргі таңда, қаламызда қоғамдық көліктерді жаңалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама қала тұрғындарының сапалы әрі қолайлы қатынауына деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Солардың бірі ретінде жуырда ғана №149 бағытта жаңа жайлы автобустар жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Заманауи, кең әрі салқындатқышпен жабдықталған автобустарға тұрғындар оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдіруде.
Бүгінде шаһарымызда күн сайын 1000-ға жуық автобус 82 бағыт бойынша халыққа қызмет көрсетеді. Қала көлік жүйесін жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Жаңа автобустардың қатарға қосылуы – тұрғындардың күнделікті жол жүруін жеңілдетіп қана қоймай, Шымкенттің заманауи мегаполис ретінде дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/1056836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді