
Астана маңындағы «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының» аллеясын тазартып, құрғап қалған ағаштарды кесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мұндағы мақсат – тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару.
Еске сала кетейік, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының» аллеясы 2022 жылы 27 мамыр күні ашылды. Сол күні Саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 85 жыл және «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ашылғанына 15 жыл толуына орай өткен «Ұрпақтар есінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Соның аясында өткен аллеяның ашылу рәсіміне Қазақстандағы және шет елдердегі репрессия құрбандарының ұрпақтары, Қазақстанға қоныс аударылғандар, ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысқан болатын.
Бұл естелік аллеяны күтіп-баптап ұстау – «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы үшін үлкен жауапкершілік.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1056997?lang=kk

Жауап қалдыру