Тереңкөл ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары салық кодексіне 2026 жылдан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістерді ұсынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнайы салық режимдерін өзгерту, ҚҚС-ты реформалау, салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін кеңейту, салық есептілігі нысандарын 30% – ға қысқарту, салықтық тексерулердің алдын алу сипаты, салықтар мен бюджетке төлемдер төлеу жөніндегі салық міндеттемесін мәжбүрлеп орындау және басқа да мәселелер Тереңкөл ауданының салық төлеушілерінің қатысуымен өткен семинар барысында жарияланды.

 

60-қа жуық жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер салық заңнамасындағы алдағы жаңалықтар туралы біліп, өз сұрақтарын қоя алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1056978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді