ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МОЛДОВА РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
☑️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Молдова Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Штефан Гордамен кездесу өткізді. Тараптар Түркістан облысы мен Молдова Республикасының өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды нығайту, әріптестік орнату жолдарын талқылады.
☑️Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген елші өңірдің бай тарихы мен мәдени мұрасы мен облыс орталығының бірегей көрінісіне тоқталып, алған әсерімен бөлісті. Айта кетейік, Штефан Горда – Астана қаласында өзінің дипломатиялық өкілеттігін бастаған Молдова Республикасының еліміздегі алғашқы елшісі.
☑️Кездесу барысында облыс әкімі мәртебелі мейманға Түркістанның тарихы және экономикалық рөлі, инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтың басым бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар екіжақты байланысты орнатуға және тікелей өңіраралық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
☑️Тараптар экономика, агроөнеркәсіп кешені, білім беру, туризм және мәдениет саласында тәжірибе алмасу салаларындағы өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Сондай-ақ кездесуде бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
☑️Молдова елшісі қос ел арасындағы серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға күш салатынын жеткізді. Ол Түркістан облысының әлеуетін жоғары бағалап, молдовалық тараптың нақты ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
☑️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыс орнатып, жақын арада нақты бірлескен бастамаларды қарастыруға уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1057233?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді