
Казахстанский фотограф Дмитрий Доценко поделился новой серией фотографий, сделанных в горах Алтая. Его работы поразили зрителей живописной красотой и напомнили картины — настолько гармонично в них передана атмосфера спокойствия и величия природы.
Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алтай тауларында түсірілген жаңа фотосуреттер топтамасымен бөлісті. Оның жұмыстары көрермендерді әсем көріністерімен таңғалдырды, тіпті олар көркем суретке ұқсайды – әрбір кадрда табиғаттың тыныштығы мен ұлылығы үйлесімді жеткізілген.
Суреттер автордың Instagram-парақшасында (dots_foto) жарияланып, бірден көпшілік пен БАҚ өкілдерінің назарын аударды, деп хабарлайды Tengri Travel.
Жұмыстарына берілген сипаттамада Доценко Қазақстан табиғатының таңғажайып алуан түрлілігін атап өтті – шексіз далалар, ну ормандар мен тап-таза көлдер. Әр өңірдің өз ерекшелігі бар, дегенмен оның жүрегінде ерекше орын алатын — Алтайдың ең биік нүктесі Мұзтау (Белуха) тауы, биіктігі — 4506 метр.
Фотосуреттер оқырмандар тарапынан үлкен әсер тудырып, жылы пікірлерге толы болды:
«Фантастикалық сұлулық! Сіздің арқаңызда Алтайда болып қайтқандай болдық! Енді бәрін көзбен көргіміз келеді!»
«Үлкен рақмет!
«Біздің Қазақстан! Неткен көркем табиғат!»
«Мынау тура Швейцария сияқты!»
«Бұл сұлулықты өз көзіммен көру бақыты бұйырды. Қайта барғым келеді. Сіздің суреттеріңіз сол керемет күндерді еске түсірді.»
«Керемет пейзаждар! Компьютерге тұсқағаз қылып қойдым!»
Дмитрий Доценконың жұмыстары тағы бір мәрте Қазақстан табиғатының сұлулығы мен байлығын еске салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1057764?lang=kk
Жауап қалдыру