“Солнышко” бөбекжайындағы самалжайлардың салтанатты ашылуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25 тамыз күні Родина ауылының “Солнышко” бөбекжайында самалжайлардың салтанатты ашылуы өтті.
🔸 Тапсырыс беруші: “Родина ауылдық округінің әкімдігі” ММ
🔸 Өндіруші: “Рухы биік мүгедектер қоғамы” ҚБ
🔸 Соммасы: 10 млн 800 мың теңге (жергілікті бюджеттің 4-деңгейінен салынды)

Қазіргі уақытта бөбекжайда 4 түрлі топта жалпы 74 бала тәрбиеленуде. Осыған орай небәрі 1 ай көлемінде әр топқа жалпы 4 самалжай жасалып шықты.

Бүгін самалжайлардың ашылу мерекесінде аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәтті сыйлықтар тарту етті. Шашу, балалардың риясыз күлкілері, көңілді әуендер – балалардың жадыларында көпке қалатынына сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-rodina/press/news/details/1057357?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді